Байқоңырдан "Протон-К" зымыран тасығышы "Космос" жер серігін алып сәтті ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Протон-К" зымыран тасығышы "Космос" жер серігін алып сәтті ұшырылды

Байқоңырдан "Протон-К" зымыран тасығышы "Космос" жер серігін алып сәтті ұшырылды

Байқоңыр. 27-маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Протон-К" зымыран тасығышы "Космос" жер серігін алып сәтті ұшырылды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 27 Маусым 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

Ресейдің әскери мақсаттағы «Космос» жер серігін алған «Протон-К» зымыран тасығышы Астана уақытымен 05 сағат 59 минутта (мәскеудің 03.59 сағаты) №24 ұшырылым қондырғысынан штаттық режимде ұшырылды.

Ұшырылым циклограммасына сәйкес, «Протон-К» зымыран тасығышы үдеткіш блогымен зымыран тасығыштың соңғы сатысынан бөлініп, көрсетілген параметрлі есепті орбитаға шығарылды.

Ғарыштық аппарат үденткіш блоктан мәскеу уақытымен 10.37-де бөлінуге тиіс.

Зымыран атсығыштың ұшырылымын ғарыш айлағына келген РФ қорғаныс министрі Анатолий Сердюков пен осы қалада жүрген Қазақстан парламентінің депутаттары тамашалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті