ТЖМ мәліметінше, Жамбыл облысының Қордай ауданында ( Алматы — Ташкент тас жолының 184 шақырымы) 26 маусымда сағат 15.10-да «Фольксваген» жүргізушісі «Тойота» көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан «Тойота»жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. «Фольксваген» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті