Қазақстан президенті Люксембургтың жоғарғы наградасы Емен тәжі орденіне лайық деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Люксембургтың жоғарғы наградасы Емен тәжі орденіне лайық деп танылды

Қазақстан президенті Люксембургтың жоғарғы наградасы Емен тәжі орденіне лайық деп танылды

Астана. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Люксембургтың премьер-министрі Жан-Клод Юнкер Нұрсұлтан Назарбаевқа Емен тәжі орденін табыстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Маусым 2008
  • 563
Фото - Caravan.kz

ҚР президентінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында түсіндірілгендей, Емен тәжі орденін Нидерланды королі және Люксембургтың Ұлы герцогы Вильгельм ІІ тағайындаған. Емен тәжі орденімен Люксембург халқының алдында айрықша азаматтық және әскери еңбек сіңірген, сондай-ақ, үлкен шығармашылық табыстарға қол жеткізген тұлғалар марапатталады. Ерекше жағдайларда орден шетел азаматтарына берілуі мүмкін, деп толықтырылған хабарламада.

Өз кезегінде Қазақстан басшысы Н. Назарбаев Люксембургтың премьер-министріне І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

«Достық» ордені 1995 жылы шығарылған. Онымен қоғамда өзара келісімді сақтау бойынша жемісті еңбек еткен, халықтар арасындағы бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты нығайтуға айрықша үлес қосқан азаматтар марапатталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті