Ресей мен Қазақстанның экономикалық интеграциясы - өңірді одан әрі дамытудың стратегиялық идеясы - Н. Петраков - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстанның экономикалық интеграциясы - өңірді одан әрі дамытудың стратегиялық идеясы - Н. Петраков

Ресей мен Қазақстанның экономикалық интеграциясы - өңірді одан әрі дамытудың стратегиялық идеясы - Н. Петраков

Астана. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресей мен Қазақстанның және ТМД-ның шығыс өңірі елдерінің экономикалық интеграциясы - өңірді одан әрі дамытудың стратегиялық идеясы. Бұл туралы Астанада Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының отырысында сөз сөйлеген Ресей Ғылым академиясы нарық проблемалары институтының директоры Николай Петраков пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Маусым 2008
  • 818
Фото - Caravan.kz

«Бұл идеяны жүзеге асыру үшін бірнеше түйткілді шешу керек. Ең бастысы — импортты алмастыру принципін қалпына келтіру», — деді Н. Петраков.

«Қазір біздің көптеген елдер шикізатты өңделмеген күйінде экспортқа шығарады, ал шикізаттың өзін алғашқы сатылы өңдеудің өзі ауқымды экономикалық тиімділік әкеледі», — деді ол.

Н. Петраков екінші түйткілге «инфрақұрылымды, бірінші кезекте көлік инфрақұрылымын дамытуды» жатқызады. «Қазір Қазақстан мен Ресей аумағында, сондай-ақ, көршілес елдерде үлкен жылдамдықты темір және автомагистральдар желісі салынбаған, ал олар әлемнің көптеген дамыған елдерінде қарапайым жайтқа айналған», — деді Н.Петраков.

Оның пікірінше, үшінші «түйткіл — ақша-қаржы және несиелік құрылымдарды жақындату». «Ұзақ мерзімді даму банктеріне, төмен өсімді мақсатты несиелерге бағдар ұстау керек»,- деп санайды Н. Петраков.

«Интегарциялық инвестициялар үшін тұрақтандыру қорын бірлесе пайдалану керек», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті