Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстан үкіметінің азық-түлік мәселесіне арналған кезекті отырысында осы саладағы жағдайдың нашарлауына алып келген бірнеше себеп аталды. Атап айтсақ, көктемгі далалық жұмыстарға дизельдік отынды мемлекеттік материалдық резервтен беліленген мерзімді бұза броньдау, науқанды біршама кешіктіре жүргізу, ауылшаруашылығы дақылдарының егіс құрылымын сақтамау, топырақтағы ылғал қорының төмендеуі, суғаруға арналған суды тиімсіз пайдалану.
Жағдайға түсініктеме берген республика үкімет басшысы Игорь Чудиновтың мәлімдеуінше, биыл қандай жағдайда да шетелдерден қосымша бидай сатып алуға тура келмек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті