«Жыл басынан бері табиғи монополия субьектілерінен жаңа тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге 43 өтініш келіп түсті, олардың 23-і құжаттар толық жіберілмеуге байланысты қарауға қабылданбаса, 5 өтініш кері шақырып алынып, 1 субьектінің тарифін бекітуден бас тартылды», — деді мекеме басшысы.
Н. Пірімовтың айтуынша, «14 субъектінің, соның ішінде жаңадан құрылған 13 субьектінің тарифтері қаралып, өтініштегі тариф 11 — 67%-ға төмендетіле бекітілді. Оның айтуынша, «тарифтерді қайта қарау нәтижесінде экономикалық тиімділік қаражаты 250,3 млн теңгені құрады».
Сөйтіп, 2008 жылдың бірінші жартысында табиғи монополия субьектілерінің қызмет тарифтері 2007 жылғы деңгейде өзгеріссіз қалдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті