Үдеткіш блок «Юбилейный» әуежайына ұшақпен жеткізілді. «Бриз-М» үдеткіш блогы мен қосалқы жабдықтары бар контейнерлер №92 алаңның могтаж-сынақ корпусына тасымалданады. Бұдан кейін «Бриз-М» үдеткіш блогын стендке орнатып, М. Хруничев атындағы орталық мамандары оны ұшырылымға дайындай бастайды.
«Бриз-М» үдеткіш блогы Ұлыбританияның Inmarsat 4F3 телекоммуникациялық жер серігін мақсатты геостационар мақсатты орбитаға шығаруға арналған. Жер серігі Ұлыбританияның ғаламдық мобильді спутниктік байланыс жүйесінің бір аса ірі халықаралық операторы Inmarsat-қа тиесілі.
Бұдан бұрын, 20 наурызда «Байқоңыр» ғарыш айлағына Inmarsat 4F3 жер серігін ұшыратын «Протон-М» зымыран тасығышы жеткізілген.
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышымен Inmarsat 4F3 жер серігшін ұшыру 2008 жылдың үшінші тоқсанына межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті