«Қарақшылар бір сценарий бойынша әрекет еткен. Қала ішінде өз көліктерімен жүрген. Жеке тасымалдаушылар сияқты олар көлік салонына адамдарды отырғызып алып, қаладан сыртқа алып кетіп отырған», — деп хабарлады Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция майоры Болат Ботабаев.
Оның айтуынша, жас жігіттер жолаушыларды қаладан алысқа алып кетіп, соққыға жыққан. Кейте ату қаруларымен де қорқытқан. Барлық бағалы заттарын алғаннан кейін оларды айдалаға тастап, белгісіз бағытқа жасырынып отырған. «Жедел іздестіру шараларының барысында бізге олардың ізіне түсуге мүмкіндік туды. Іздерін суытпай қамауға алдық», — деді Б. Ботабаев.
«Қазіргі уақытта олардың 5 қарақшылық шабуыл мен тонау оқиғаларына қатысы бар екендіктерін дәлелдедік. Біз қазір полицияның арнйы мәліметтер банкі бойынша олардың Алматы қаласы мен облысында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстарының бар-жоқтығын тексерудеміз. Қазір олар уақытша тергеу изоляторында. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы (Топ болып жасалған қарақшылық шабуыл) бойынша айып тағылып отыр», — деді Б. Ботабаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті