ҚР-ның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге ықпал ететін болады - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР-ның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге ықпал ететін болады - Назарбаев

ҚР-ның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге ықпал ететін болады - Назарбаев

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге ықпал ететін болады. Жексенбі күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жайында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Маусым 2008
  • 564
Фото - Caravan.kz

«ЕҚЫҰ төрағалығына сайлана отырып, Қазақстан тең құқылы диалог, жағымды тәжірибе алмасу, тиімді шешімдер іздестіру түрі ретінде ұйымның нығаюын өз мақсаты етіп қойды», — деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

«Біз өсіп келе жатқан қауіп-қатерлердің қасында ЕҚЫҰ-ның қуатты ұйымға айналғанын қолдаймыз», — деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, Қазақстан ұйымның барлық мүшелерінің мүдделеріне сәйкес ЕҚЫҰ қызметін өзгертуді қолдайды. Бұл ретте Н. Назарбаев мемлекеттің алдағы төрағалықты ұйымға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылдарына жаңа дем беру мүмкіндігі ретінде қарастырып отырғанын атап өтті.

«Біз мәдениет аралық, конфессияаралық диалогқа, Еуропадағы жаңа бөлініс сызықтарын бір сарынға түсіру бойынша күш-жігерге, Еуроатлантикалық және Еуразиялық аймақ елдерін біріктіретін факторларды іздеуге, ұйымның жауапкершілігіне ықпал ете отырып, қауіпсіздіктің маңызды проблемаларына назар аудармақ ниеттеміз», — деп мәлімдеді Қазақстан президенті.

«Біз нәсілшілдікпен, төзбеушілікпен, кемсітушілікпен күрес бойынша ЕҚЫҰ-ның күш-жігеріне қолдан келгенше көмектесіп отыратын боламыз. Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге, Еуропамен ынтымақтастықтың белсенділігінің айтарлықтай артуына және Ауғанстандағы проблеманы бірлесе шешуге жәрдемдеседі деп есептеп отырмыз», — деп сөзін түйіндеді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті