Ядролық қаруды таратпау туралы келісім ядролық клуб мүшелерін ядролық арсеналдарын азайтуға, қарусыздануға құлшындырып отырған жоқ - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ядролық қаруды таратпау туралы келісім ядролық клуб мүшелерін ядролық арсеналдарын азайтуға, қарусыздануға құлшындырып отырған жоқ - Назарбаев

Ядролық қаруды таратпау туралы келісім ядролық клуб мүшелерін ядролық арсеналдарын азайтуға, қарусыздануға құлшындырып отырған жоқ - Назарбаев

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ядролық қаруды таратпау туралы келісім ядролық клуб мүшелерін ядролық арсеналдарын азайтуға, қарусыздануға құлшындырып отырған жоқ. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының жыл сайынғы 17-сессиясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Маусым 2008
  • 980
Фото - Caravan.kz

«Ядролық қаруды таратпау туралы келісім асимметриялық сипатқа ие. Тек ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге санкция қояды да, ядролық клуб мүшелерін ядролық арсеналдарын азайтуға, қарусыздануға құлшындырмайды», — деді Н. Назарбаев.

Оның пайымдауынша, бұл әділетсіз. «Бұл әділетсіздік Ядролық қаруды таратпау туралы келісімнің орындалмауына алып келіп отыр», — деп атап көрсеті Елбасы.

Қазақстан президенті атап көрсеткендей, таратпау режиміндегі жаһандық қауіпсіздік жүйесі мүгедектікке жақын жағдайды бастан кешіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті