Нью-Йоркте Қазақстанның белгілі топ-моделі қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йоркте Қазақстанның белгілі топ-моделі қайтыс болды

Нью-Йоркте Қазақстанның белгілі топ-моделі қайтыс болды

Алматы. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Нью-Йоркте Қазақстанның белгілі топ-моделі Руслана Коршунова қайтыс болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Маусым 2008
  • 384
Фото - Caravan.kz

РБК хабарламасына сүйенсек, Vogue атты еуропалық белгілі сән журналының бет-бейнесі болған Р. Коршунова Манхэттендегі ғимараттың 9 қабатынан құлап түскен.

«Қайғылы оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз. Алайда, полиция 20 жастағы модель өзін-өзі өлтірді деп болжам жасап отыр. Қыздың денесінде ешқандай соққы іздері байқалмаған», — деп көрсетілген РБК хабарламасында.

Сол арада бірқатар батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыздың достары оның өзін-өзі өлтіруге ешқандай себебі болмағанын мәлімдеген.

«Алғаш рет марқұм 2003 жылы көзге түскен. Сол кезде Models 1 сән агенттігінің аға агенті Дебби Джонс Алматы туралы мақаласында Р. Коршунованың фотсуретін атап өткен», — деп хабарлайды РБК.

«2005 жылы 17 жастағы бойжеткен Нью-Йорктегі сән апталығының басты жаңалығы болған. Содан кейін-ақ оның тасы өрге домалай бастаған», — деп түсіндіреді ақпарат агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті