Қызылорда облысының аумағында бұршақ аралас жаңбыр жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының аумағында бұршақ аралас жаңбыр жауды

Қызылорда облысының аумағында бұршақ аралас жаңбыр жауды

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысының аумағында 27 маусымда бұршақ аралас жаңбыр жауды. Желдің жылдамдығы секундына 20-30 метрге жетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Маусым 2008
  • 576
Фото - Caravan.kz

«2008 жылдың 27 маусымында Қызылорда қаласының аумағында күндізгі сағат 14.15 пен 14.30 аралығында бұршақ пен жаңбыр араласқан, жылдамдығы секундына 20 метрді құраған солтүстік батыс бағыттағы қатты жел соқты. Желдің жылдамдығы кейде 30 метрге де жетті», — деп көрсетілген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, екі адам медициналық қызметке жүгінген. Алғашқысына медициналық көмек көрсетілген, екіншісінің аяғы сынып, ауруханаға жатқызылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті