Израиль президенті Н. Назарбаевты Астана мерейтойымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израиль президенті Н. Назарбаевты Астана мерейтойымен құттықтады

Израиль президенті Н. Назарбаевты Астана мерейтойымен құттықтады

Алматы. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Израиль президенті Шимон Перес Елорданы Астана қаласына көшірудің 10 жылдық мерейтойына орай Қазақстанды құттықтады. Ұлттық "Хабар" телевизиялық арнасына жазылып алынған Қазақстан халқы мен президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған телевизиялық үндеуде Израиль басшысы бас қаланы елдің орталығына көшіру туралы шешімнің тарихи маңыздылығын атап көрсеткен, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Маусым 2008
  • 532
Фото - Caravan.kz

«Тарихтың білгірі ретінде айтарым, қаланы жаулап алғанға қарағанда, салып алған жақсы. Сіз қаланы салған кезде ешкімге де зияныңызды тигізбейсіз. Мұнда қан жоқ, жасампаздық бар. Ауру жоқ, үміт бар. Өткен жоқ, болашақ бар», — деп мәлімдеді Ш. Перес үндеуінде.

Израиль көшбасшысының пайымдауынша, Астана көптеген инвестиция тартқан және халықаралық назарды өзіне аударған болашақтың қаласы. «Аз ғана уақыттың ішінде қала халқының саны 700 мың адамға жетті. Сіз елдің шетінде емес, кіндігінде Астана іргесін қалау арқылы Қазақстанның демографиялық тепе-теңдігін өзгерттіңіз», — деді Ш. Перес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті