Қазақстанда төрт адам суға батып кетті, оның екеуі бала - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда төрт адам суға батып кетті, оның екеуі бала

Қазақстанда төрт адам суға батып кетті, оның екеуі бала

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда төрт адам суға батып кетті, оның екеуі бала, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Маусым 2008
  • 415
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, Алматы қаласының Түрксіб ауданында Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналында шомылып жүріп 4 және 7 жастағы екі бала суға кетті. Олардың денелерін судан жергілікті тұрғындар шығарып алған.

Сондай-ақ, тағы да екі адам Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында суға батқан. Олардың бірі судағы құтқару қызметінің құтқарушысы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті