Партиялық тізімдер бойынша сайланған мәжіліс өзінің тиімділігін дәлелдеді - Мусин - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Партиялық тізімдер бойынша сайланған мәжіліс өзінің тиімділігін дәлелдеді - Мусин

Партиялық тізімдер бойынша сайланған мәжіліс өзінің тиімділігін дәлелдеді - Мусин

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Партиялық тізімдер бойынша сайланған мәжіліс өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген мәжіліс спикері Аслан Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Маусым 2008
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Партиялық тізім бойынша құрылған мәжіліс өзінің тиімділігін және әрекетке қабілеттілігін дәлелдеді», -деп мәлімдеді А. Мусин.

«Нұр Отан» ХДП-ның депутаттық фракциясы өзінің халық алдындағы және өз көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдындағы үлкен жауапкершілігін сезініп, бүгінде мәжілістің жұмысында жоғары ұйымдастырушылық және біріктірушілік ролін паш етуде», — деді ол.

Спикер сондай-ақ, «мәжілістің жанынан құрылған қоғамдық палата да өзінің қабілеттілігін дәлелдеді», деп мәлімдеді. «Бүгін оның мүшелері заң шығарушылық жұмысқа белсене атсалысуда. Бұл қоғамдық институттардың билікке ықпалының өсе бастағанының айғағы», -деді А. Мусин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті