Қазақстан ұлтаралық проблемаларды шешуде ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде үлкен роль атқара алады - Воллебек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ұлтаралық проблемаларды шешуде ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде үлкен роль атқара алады - Воллебек

Қазақстан ұлтаралық проблемаларды шешуде ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде үлкен роль атқара алады - Воллебек

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде 2010 жылы ұлтаралық проблемаларды шешуде үлкен роль атқара алады. Бұл туралы бүгін ЕҚЫҰ-ның азшыл ұлттар ісі жөніндегі бас комиссары Кнут Воллебек ҚР СІМ Марат Тәжинмен келіссөздер қорытындысы бойынша журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Маусым 2008
  • 713
Фото - Caravan.kz

«Батыс пен Шығыстың ортасындағы стратегиялық орналасуының арқасында Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде аса маңызды роль атқара алады», — деді К.Воллебек. Оның айтуынша, «ЕҚЫҰ кеңістігінде бүгінде ұлттық құрамның әртүрлілігіне, жаһандануға, сондай-ақ, түрлі діндер арасындағы қарым-қатынасқа қатысты қатерлер байқалып отыр».

Оның айтуынша, «Қазақстан үкіметі қазір осы мәселелермен айналысуда, сондай-ақ, бұл жұмыстар ел ұйымға төрағалық еткен кезде де жалғасын табады. Мен осы мәселелер бойынша олармен алдағы уақытта да жұмыс істейтіндігіме сенемін», -деді ЕҚЫҰ бас комиссары.

К.Воллебек мен М.Тәжиннің келіссөздері ЕҚЫҰ Парламенттік ассамбелясының 17-ші жыл сайынғы сессиясы аясында Астанада өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті