Мәдениет және ақпарат министрлігі қолданыстағы "БАҚ туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет және ақпарат министрлігі қолданыстағы "БАҚ туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын жасауда

Мәдениет және ақпарат министрлігі қолданыстағы "БАҚ туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын жасауда

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәдениет және ақпарат министрлігі қолданыстағы "БАҚ туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын жасауда. Бұл туралы министрлік бүгін өткізген интернет-конференцияда мәлімденді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Маусым 2008
  • 450
Фото - Caravan.kz

«Мәдениет және ақпарат министрлігі қолданыстағы «БАҚ туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасау жұмыстарын расында да бастады», -делінген министрліктің ресми сайты www.sana.gov.kz-да қойылған сұраққа берілген жауапта.

Министрліктегілер «ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылғанын, оған Қазақстандағы «Internews network», Халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» қоры, «Қазақстан журналистері одағы», «Бас редакторлар клубы», «Қазақстанның теле және радиохабарларын таратушыларының ұлттық қауымдастығы» секілді бейресми ұйымдардың өкілдері қамтылған.

«Жасалып жатқан түзетулер қолданыстағы заң жобасын либерализациялауға бағытталған. Ал қолданыстағы «БАҚ туралы» заң Қазақстан қоғамының қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне сай келмейді», — делінген жауапта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті