Бірінші Сангтуда су электр станциясының екінші агрегаты пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірінші Сангтуда су электр станциясының екінші агрегаты пайдалануға берілді

Бірінші Сангтуда су электр станциясының екінші агрегаты пайдалануға берілді

Душанбе. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жобалық қуаты 167,5 МВт және ай сайынғы қуат өндіруі 72 млн кВт-сағатты құрайтын бірінші Сангтуда су электр станциясының екінші агрегаты бүгін түнде пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Маусым 2008
  • 1056
Фото - Caravan.kz

«Сангтуда-1 су электр станциясы» ААҚ бас директоры Рахметулла Альжановтың айтуынша, екінші агрегат алғашқы тогын жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 1.50-де бере бастаған.

Ал ертең, 1 шілдеде, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Нарышкиннің қатысуымен екінші агрегаттың ресми іске қосылу рәсімі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті