Солтүстік Қазақстан облысында кеден бекетінде радиоактивті металл тиелген үш автокөлік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында кеден бекетінде радиоактивті металл тиелген үш автокөлік ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында кеден бекетінде радиоактивті металл тиелген үш автокөлік ұсталды

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының "Жаңажол" кеден бекетінде радиациялық бақылаудан өткен кезде металл тиелген тіркемелері бар үш автокөлік ұсталды, олардың гамма-фон деңгейі шектеулі мүмкін мөлшерден артық, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

  • 1 Шiлде 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы «Жаңажол» кеден бекетінде 29 маусымда 12 сағат 56 минутта радиациялық бақылаудан өткен кезде Volvo автокөлігі мен тіркемесі бар, металл тиелген екі Iveco автокөлігі ұсталды, олардың гамма-фон деңгейі шектеулі нормадан 1-ші автокөлікте 139 есе (43,3 мкЗв/сағ), 2-шісінде — 37 есе (12,5 мкЗв/сағ), 3-шісінде — 152 есе (51,6 мкЗв/сағ) артып кеткен.

Жүкті жіберуші «Экоминералс» ЖШС. Тіркеммелі автокөліктер теміржол тұйықталымының арнаулы алаңында тұр. СҚО ІІД-нің қызметкерлері оларды күзетке алды, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті