Ресей президенті шілденің 3 мен 7 аралығында Каспий жағалауы елдеріне барады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей президенті шілденің 3 мен 7 аралығында Каспий жағалауы елдеріне барады

Ресей президенті шілденің 3 мен 7 аралығында Каспий жағалауы елдеріне барады

Мәскеу. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ресей президенті Дмитрий Медведев шілденің 3 мен 7 аралығында Каспий жағалауы елдеріне барады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 1 Шiлде 2008
  • 368
Фото - Caravan.kz

Алғашқы аялдамасы Баку қаласы болады. Әзербайжан президенті Ильхам Алиевпен кездесуде Медведев қатарынан бірнеше өзекті тақырыптарды талқыға салады. 4 шілде күні кешке Д. Медведев алғашқы ресми сапарымен Ашхабадқа келеді. Ресей президенті Түркіменстанға келіп қайту жөніндегі шақыруды Санкт-Петербургте 6-7 маусымда өткен ТМД елдерінің ресми емес саммитінің барысында алған болатын.

Сонымен қатар, 6 шілдеде Ресей президенті Д. Медведев Астана қаласына келіп, қатарынан екі мерекелік шараға қатысады. Оның бірі — Астананың 10 жылдығы болса, екіншісі — Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті