Баспасөз қызметінің хабарлауынша, конференция барысында ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік аумағындағы қауіпсіздіктің трансұлттық қатері, қарулануға бақылау жасау жүйесінің жағдайы мәселелерін, қақтығыстардың алдын алу және шешу, сондай-ақ, қақтығыстан кейінгі қалпына келтіру проблемаларын қарастыру жоспарланып отыр.
«ҰҚШҰ мен ЕҚЫҰ арасындағы өзара іс-қимыл айтарлықтай жылдамдықпен дамуда. Әртүрлі деңгейлерде өзекті мәселелер үнемі талқыланып отырады. Лаңкестікке қарсы бөлімше мен ЕҚЫҰ-ның Дағдарыстардың алдын алу орталығы арасында іскерлік байланыс орнатылған. Ашықтық пен бір-бірімізге сену — біздің ынтымақтастығымыздың сипаттамасы», — деп атап көрсетті В. Семериков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті