Өздеріңізге мәлім, биыл Қазақстанда заңнамаға түзету енгізіліп, соған сәйкес республикада Астана күні (6-шілде) деген жаңа мемлекеттік мереке енгізілді. Ал «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер — жұмыс күндері болып табылмайды. Демалыс күні мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады. 6 шілде жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауысады. Демек, қазақстандықтар Астана күнін тойлауға байланысты 5, 6 және 7 шілдеде демалады.
Биыл Елордасының Алматыдан Астанаға көшірілгеніне 10 жыл толып отыр. Астананың мерейтойына орай кешеден бері түрлі салтанаттар өткізілуде, олар 6 шілдеге дейін созылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті