АҚШ-тың пайымдауынша, Қазақстан үшін қоғамды демократияландыру саласында реформалар жүргізу императив болып табылады - АҚШ конгрессінің мүшесі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың пайымдауынша, Қазақстан үшін қоғамды демократияландыру саласында реформалар жүргізу императив болып табылады - АҚШ конгрессінің мүшесі

АҚШ-тың пайымдауынша, Қазақстан үшін қоғамды демократияландыру саласында реформалар жүргізу императив болып табылады - АҚШ конгрессінің мүшесі

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ-тың пайымдауынша, Қазақстан үшін қоғамды демократияландыру саласында реформалар жүргізу императив болып табылады. Бұл туралы АҚШ конгрессінің мүшесі Алси Хастингс бүгін баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Шiлде 2008
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасының қызметіне сайлануы үшін біршама шаралар мен қадамдар жасалды, Қазақстанның кандидатурасын өз басым қолдағанымды және қолдайтындығымды айта кеткім келеді», — деді А. Хастингс.

«Алайда, біздің пайымдауымызша, халықаралық қоғамдастық пен Қазақстанның азаматтық қоғамына елдің ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауға дайын екенін көрсету үшін Қазақстанға адам құқықтары және қоғамды демократияландыру салаларында реформа жүргізу императив болып табылады», -деді ол.

«АҚШ Қазақстан ұйымға төраға болған уақытта Қазақстанмен жұмыс істеуге дайын, бірақ, біз елді былтыр Мадридте министрлер деңгейінде өткен кездесуде берген уәделерін орындауға шақырамыз», -деді АҚШ конгрессінің мүшесі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті