«Мұнайдың бағасы кейінгі уақытта шарықтау шегіне жеткенін ескере отырып, біз Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған және әртараптандыру мен оны әлемдік нарыққа тасымалдау бағытындағы қадамдарын жоғары бағалаймыз», — деді А. Хастингс.
«Сонымен бірге, мен Қазақстанның өнеркәсіптің шикізат өндіру саласындағы ашықтық бастамасының аясындағы күш-жігеріне риза боламын және Қазақстан осы бастамаға кіретін елдердің кандидатураларына қойылатын ең минималды талаптарға сай келеді деп ойлаймын», — деді конгрессмен.
«Бірақ мен Қазақстанның осы ең минималды талаптардың үдесінен де асып түсіп, елдің мұнай байлығына сабақтаса келетін саяси мәселелерді бір жағынан, екінші жағынан — экономикалық және әлеуметтік қиындықтар мен қатерлерді қалай тепе-тең ұстау керектігін көрсету арқылы басқа елдер үшін үлгі болады деп сенемін», -деді А. Хастингс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті