Астана полициясы мерейтойлық салтанаттар кезеңінде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана полициясы мерейтойлық салтанаттар кезеңінде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді

Астана полициясы мерейтойлық салтанаттар кезеңінде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана полициясы мерейтойлық салтанаттар кезеңінде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Шiлде 2008
  • 362
Фото - Caravan.kz

«Астананың 10 жылдық мерейтойын атап өтуге және ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-ші жыл сайынғы сессиясы өткізілуге байланысты ІІМ мен Астана қалалық ІІД қалада қоғамдық тәртіпті сақтауға бірқатар ұйымдастырушылық-тәжірибелік шараларды қабылдайды», -делінген хабарламада.

«Белгіленген іс-шараларды өткізетін мерзімде қоғамдық тәртіпті қорғауға Астана ІІД-нің қызметкерлері толық құраммен, сондай-ақ, жақын маңдағы Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен ІІМ оқу орындарынан 800 қызметкер жұмылдырылады. Сондай-ақ, ІІМ орталық аппаратының 250 қызметкері мен ішкі әскерлердің 500 жауынгері тартылады», -делінген хабарламада.

Ішкі істер органдарының жұмылдырылған күш-құралдарын үйлестіру үшін шұғыл штаб құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті