«Біз төрт сенат депутаты кеше Исламабадта сапарда болдық. Сапар осы елдегі қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылыққа және ЕҚЫҰ елдері үшін Пәкістанның стратегиялық маңызына байланысты болды», — деді Б. Кардин.
«Біз осы елдің президентімен және үкімет басшысымен кездестік. Сондай-ақ, біз осы салада қазір қалыптасқан жағдайды, атап айтсақ, «Әл Каида» мүшелері Пәкістанда жасырынып отырып Ауғанстан мен Пәкістанның өзіне соққы беретін мүмкіндікті одан әрі жалғастыра беруге болмайтынын айттық», — деді сенатор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті