ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы 2 шілдеде Бішкекте өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы 2 шілдеде Бішкекте өтеді

ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы 2 шілдеде Бішкекте өтеді

Бішкек. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы 2 шілдеде Бішкекте өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Шiлде 2008
  • 374
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыс күн тәртібінің жобасына әскери ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша 20 астам мәселе қамтылған. «Атап айтсақ, ТМД елдері қорғаныс мекемелерінің басшылары өз құзыретіне сәйкес ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі іс-шараларының жоспарының орындалу барысын, мемлекеттік әуе күштерінің авиациялық оқыс оқиғаларды тексеру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасын, Достастыққа мүше елдердің 2005-2010 жылдарға арналған біріккен Әуеден қорғаныс жүйелерін дамытудың басты бағыттарының шараларын жүзеге асыру барысын және оларды 2009 жылы қаржыландыруға қатысты мәселелерді талқылайды «, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті