2008 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19,6%-ға өсіп, 12874 теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19,6%-ға өсіп, 12874 теңгені құрады

2008 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19,6%-ға өсіп, 12874 теңгені құрады

Алматы. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19,6%-ға өсіп, 12874 теңгені құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 1 Шiлде 2008
  • 485
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметіне сәйкес, соның ішінде азық-түлік тауарлары 7725 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 5149 теңгеге тең. 2008 жылғы мамырмен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 7,2%-ға өсті.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, есепті мерзімде халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 13 жасқа дейінгі балалар үшін 10126 теңге, 14 — 17 жас аралығындағы жігіттер үшін 16225 теңге, қыздар үшін 12431 теңге, 18 жастан жоғары еңбекке қабілетті халық, соның ішінде ерлер үшін 15388 теңге, әйелдер үшін 12217 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 12041 теңге болды.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі — мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады.

Азық-түлік қоржыны 43 түрлі азық-түлік атауынан тұрады: ет, балық, сүт, май, нан, көкөністердің түрлері, жұмыртқа, қант, шай, қоспалар және тағы басқалар.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті