Қазақстан президенті бүгін жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті бүгін жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады

Қазақстан президенті бүгін жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады

Қарағанды. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

  • 1 Шiлде 2008
  • 421
Фото - Caravan.kz

Н. Назарбаев Қарағанды облысына түстен кейін келеді деп күтілуде.

Мемлекет басшысы Қарағандыда Бұқар жыраудың ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысып, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ сортты прокат өндірісінің ашылуында болмақ. Бұл «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына енген серпінді жобалардың біріне жататын өндіріс орны.

Бұдан кейін «Арселор Миттал Теміртау» АҚ басшылығы президентке компанияның 2013 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын таныстырады.

Сапардың соңында мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы жаңартылған «Металлург» стадионында болады. Онда жастарды «Қазақстан магниткасының» құрылысына шақырудың 50 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті