«Қызылорда 1925 — 1929 жылдар аралығында Қазақстанның бірінші астанасы болғаны мәлім. Дәл сол кезде Ақмешіт қаласы қазіргі атауға ие болған», -дейді телеарна.
Арал өңірінің 20 таңдаулы велосипедшісі Қазақстанның мемлекеттік туын Қызылорда — Алматы — Астана бағытында алып өтеді. Жолдың ұзындығы 2,5 мың шақырымға тең.
«Біз бұл қашықтықтан қорқып отырған жоқпыз. Веложарыс жоспардағыдай 3 шілдеде Астанада ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев пен Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың қатысуымен «Қорқыт қобызы» гүлзары ашылатын сәтте аяқталады деп сенемін», -деп мәлімдеді велосипед спорты бойынша Азияның жеңімпазы Берік Көпешев.
Бұл гүлзар Қызылорда облысы тұрғындарының Астананың 10 жылдығына арнаған тартуы.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін веложарыс оңтүстік астанаға жетеді. Ол 3 шілдеде «Қорқыт қобызы» гүлзарында Қызылорда облысының өнер шеберлерінің қатысуымен өтетін мерекелік концертпен аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті