ТЖМ мәліметінше, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Төменарық ауылынан 20 маусымда аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне «қырым-конго қанды безгегі» деген алдын-ала диагнозбен 41 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылдған. 1 шілдеде диагноз клиникалық, эпидемиологиялық және зертханалық тұрғыда расталды. Науқас жұқпалы аурулар бөлімінде қарқынды кешенді емдеуден өтуде. Ауру ошағында дезинфекция жүргізілді.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының Шиелі ауданы Кодаманов ауылынан 30 маусымда аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 35 жастағы ер адам жатқызылған. 1 шілдеде оған күйдіргі деген алдын-ала диагноз қойылды. Ауру ошағында профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті