Қарағандыда өрт салдарынан екі бала көмірқышқыл газынан уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда өрт салдарынан екі бала көмірқышқыл газынан уланып қалды

Қарағандыда өрт салдарынан екі бала көмірқышқыл газынан уланып қалды

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда көп пәтерлі үйдегі өрт салдарынан екі бала көмірқышқыл газынан уланып қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Шiлде 2008
  • 481
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қарағандыда Қазыбек би ауданында бес қабатты көппәтерлі үйде 1 шілдеде 13 сағат 14 минутта 2 мен 4 қабаттар аралығында 6 шаршы метр аумақта тоқ есептегіштер мен кабельдер жанды.

Өрт салдарынан 2 және 5 жастағы екі бала орташа деңгейде көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 13 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті