Павлодар облысының бюджетінен шабақтарды құтқару жұмыстарына студенттердің құрылыс отрядтарын қатыстыруға 3 млн теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының бюджетінен шабақтарды құтқару жұмыстарына студенттердің құрылыс отрядтарын қатыстыруға 3 млн теңге бөлінді

Павлодар облысының бюджетінен шабақтарды құтқару жұмыстарына студенттердің құрылыс отрядтарын қатыстыруға 3 млн теңге бөлінді

Павлодар. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының бюджетінен шабақтарды құтқару жұмыстарына студенттердің құрылыс отрядтарын қатыстыруға 3 млн теңге бөлінді. Бұл туралы журналистерге облыстық мәслихаттың депутаты, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын хабарлады.

  • 2 Шiлде 2008
  • 488
Фото - Caravan.kz

Студенттердің құрылыс отрядтарының облыстық штабының жетекшісі Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, өткен жылы студенттер шамамен 1 млн кішкентай бекіре, шортан және табан балықтарды құтқаруға көмектескен. Биыл Ертіс өзеніне 10 млн шабақты жіберу жоспарланып отыр. Құтқару операциясына 60 қыз бен жігіттен тұратын отряд жұмылдырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті