Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қордай» заставасының шекарашылар жасағы автокөлікпен шекарадан заңсыз өтпек болған екі Қырғызстан азаматын ұстады.
«Өз еліне қайтып бара жатқан қырғыз азаматтарының көлігінен шекарашылар контрабандалық 3 тонна ұн тапты», — делінген хабарламада.
Ал кеше шекарашылар қазақ-өзбек шекарасында 700 килограмм ұнды алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Барлық контрабанда деректері бойынша тексеру жүргізілуде.
Сондай-ақ, «Бақты» бақылау-тексеру бөлімінің шекарашылар жасағы кеден қызметкерлерімен бірлесіп бағытты автобуспен Қытайға бет алған Қазақстан азаматын ұстады. Ол декларацияда көрсетілмеген $7300 және 2 млн 256 мың теңгені алып өтпек болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті