«Бұл шешім, әрине, қабылданды, Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайды «, — деді О. Спенсер республиканың өзіне жүктеп алған міндеттемелерін толық орындамауы ЕҚЫҰ шешіміне әсер етпей ме деген журналистер сауалына берген жауабында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ конгрессінің мүшесі Алси Хастингс кеше өткен баспасөз мәслихатында: «АҚШ Қазақстан ұйымға төраға болған уақытта Қазақстанмен жұмыс істеуге дайын, бірақ, біз елді былтыр Мадридте министрлер деңгейінде өткен кездесуде берген уәделерін орындауға шақырамыз», -деді.
Өз кезегінде сенатор Бенджамин Кардиннің мәлімдеуінше, «Қазақстанның экономикалық ілгерілеушілігі тамсандырады және ел 2010 жылы ЕҚЫҰ-ында жетекші рольге ие болады». «Біз Қазақстан басшылығына осындай ілгері қадам жасағаны үшін алғыс айтамыз және сонымен бірге конгрессмен Хастингстің пікіріне қосылып, Қазақстанның былтыр Мадридте министрлер деңгейінде өткен кездесуде берген уәделерін атап өткім келеді», — деді ол.
Сенатордың айтуынша, бұл міндеттемелердің барлығы да «саяси партиялардың құқықтарына, сайлауға байланысты реформаларға, діни ұйымдардың құқықтарын қорғау мен БАҚ еркіндігіне байланысты».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті