«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы халықаралық сахнада елдің брендін бекіте түсуге мүмкіндік береді», — сказал А. Стубб. Оның пікірінше, «ұйымның төрағасы ретінде республика тамаша жұмыс істейтін болады».
«Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы тарихи және нышандық маңызы бар мүмкіндік, өйткені, осы тұста ЕҚЫҰ-ына 35 жыл толады. Ал Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайтын Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болмақ. Бұл Қазақстан мен ЕҚЫҰ тарихындағы тың парақ болады. Ал ЕҚЫҰ үшін Кавказ елдерін қосқанда 56 елді біріктірген бірегей ұйым екенін көрсетуге үлкен мүмкіндік туады», -деді Финляндия СІМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті