Сенат спикері Астанада Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат спикері Астанада Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті ашты

Сенат спикері Астанада Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті ашты

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада қазақтың батыры Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті ашты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Шiлде 2008
  • 682
Фото - Caravan.kz

«Бауыржан Момышұлы аңыз-адам. Оның ержүрек әрі Отанына риясыз берілген адам екендігі жөніндегі атақ-даңқы бүкіл елге танымал. Оны халқы батыр деп мойындады», -деді Қ. Токаев ескерткішті ашу рәсімінде.

Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті Жамбыл облысы Астананың 10 жылдық мерейтойына тарту етті.

Сондай-ақ, сенат төрағасы ІІМ ғимаратының жанында орналасқан жаңартылған саябақты ашты. Саябақты реконструкциялау жұмыстары Қостанай облысының Астанаға сыйы.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Бейбітшілік және Ақжайық көшелерінің қиылысында орналасқан, Астана күніне орай Атырау облысы жайластырған гүлзардың ашылуына қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті