Душанбе сейсмологиялық станциясының хабарлауынша, жергілікті уақытпен сағат 04.51-де республикада жер сілкінісі болды, сілкініс ошағы Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде, Рудаки ауданының аумағында тіркелген.
Сілкініс ошағында дүмпу қуаты Орталық Азия елдерінде қооданылатын 12 баллдық шкала бойынша 4 — 4,5 баллға жеткен, Душанбеде қуаты 3-4 балл жер асты дүмпулері тіркелді.
Қазіргі жағдаймен зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті