Мәжілістің вице-спикері мен ЕҚЫҰ ПА мүшесі парламенттік дипломатия мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің вице-спикері мен ЕҚЫҰ ПА мүшесі парламенттік дипломатия мәселелерін талқылады

Мәжілістің вице-спикері мен ЕҚЫҰ ПА мүшесі парламенттік дипломатия мәселелерін талқылады

Астана. 2- шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов Франция Ұлттық Жиналысының депутаты, Еуропалық одақ делегациясының вице-президенті, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының мүшесі Тьерри Марьяни мырзаны қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Шiлде 2008
  • 607
Фото - Caravan.kz

Тараптар осы күндері Астана қаласында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясының жұмысы жоғары деңгейде өтіп жатқаны жайлы ортақ пікір білдірді.

Тьерри Марьяни жақында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға жасаған ресми сапары өте жоғары деңгейде өткенін айтты. Осындай ынтымақтастық байланыстар екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді деген сенімі бар екенін жеткізді.

Кездесуде қос елдің парламенттері арасындағы байланысты дамыту жайы қозғалды. Тараптар жоғары заң шығару органдары арасындағы достық тобының жұмысын жандандырып, іс-тәжірибе алмасу бағытында алдағы уақытта келісе отырып қызмет атқару жөнінде ортақ келісімге келді. Айта кету керек, Тьерри Марьяни өз елінің Ұлттық Жиналысындағы Франция-Қазақстан достық тобының жетекшісі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті