ТМД кеңістігіндегі қақтығыстар нөмірі бірінші проблема болып қалып отыр - Әзербайжанның қорғаныс министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД кеңістігіндегі қақтығыстар нөмірі бірінші проблема болып қалып отыр - Әзербайжанның қорғаныс министрі

ТМД кеңістігіндегі қақтығыстар нөмірі бірінші проблема болып қалып отыр - Әзербайжанның қорғаныс министрі

Бішкек. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ТМД кеңістігіндегі қақтығыстар нөмірі бірінші проблема болып қалып отыр. Бұл туралы бүгін ТМД елдерінің Қорғаныс министрлерінің кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап беру кезінде Әзербайжанның қорғаныс министрі Сафар Абиев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 2 Шiлде 2008
  • 1330
Фото - Caravan.kz

«Әзербайжан аумағының 20 пайызы оккупацияланған Кавказ қақтығысы немесе армян-әзербайжан қақтығысына қатысы бар екені белгілі. Біз де бұл мәселені көтеріп отырмыз. Алайда, бұл мәселелер әлі күнге шешімін таппай келеді», — деп мәлімдеді Әзербайжанның қорғаныс министрі. С. Абиев ТМД елдерінің Қорғаныс министрлерінің кеңесінің мүшелері Әзербайжандағы қақтығыс бойынша үзілді-кесілді пікір айтпай отырғанына өкініш білдірді.

«Бұл, әрине, ТМД елдерінің қатынастарында үлкен сызат болады», — деп толықтырды ол. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ТМД елдерінде қалыптасқан жағдай соншалықты жақсы емес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті