Беларусь жаңа және қалпына келетін қуат көздерінің өндірістік технологиясын барлық елдерге беруді қамтамасыз етудегі БҰҰ рөлін нығайтуға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь жаңа және қалпына келетін қуат көздерінің өндірістік технологиясын барлық елдерге беруді қамтамасыз етудегі БҰҰ рөлін нығайтуға шақырады

Беларусь жаңа және қалпына келетін қуат көздерінің өндірістік технологиясын барлық елдерге беруді қамтамасыз етудегі БҰҰ рөлін нығайтуға шақырады

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өткен Экономикалық және әлеуметтік кеңестің сессиясында сөйлеген сөзінде Беларусь Республикасының экономика министрі Николай Зайченко Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа және қалпына келетін қуат көздерінің өндірістік технологиясын барлық елдерге беруді қамтамасыз етудегі рөлін нығайтуға шақырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 2 Шiлде 2008
  • 537
Фото - Caravan.kz

Министр Мыңжылдықтың даму мақсаттарына қол жеткізу әлемдік қоғамдастықтың бірқатар маңызды проблемаларды өз деңгейінде елеп-ескеруін қажет ететіні жөнінде мәлімдеді. Ол проблемалардың бастылары — азық-түлік дағдарысы, энергия ресурстарына бағаның бұрын-соңды болмаған деңгейде өсуі, сондай-ақ, ауа-райының өзгеруі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті