Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес,»тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 25 667,3 млн долларға) 46 900,4 млн долларға дейін 3,0% ұлғайды».
2008 жылғы маусымда Ұлттық банктің халықаралық резервтері төмендеді.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 1,1%-ға (немесе 242,9 млн долларға ) төмендеді.
Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу бойынша операциялар, үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі Ұлттық қордың активтерін толықтыру, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен бейтараптандырылды, бұдан басқа екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтары төмендеді.
Нәтижесінде, таза валюта қорлары (СКВ) 360,7 млн долларға азайды, әлемдік нарықтардағы бағасының 6,1% ұлғаюы нәтижесінде алтындағы активтер 117,8 млн долларға өсті.
Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің өсуі 2008 жылғы маусымда ақша базасының 3,4%-ға (немесе 58,0 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті