ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін әскери және гуманитарлық жарналар көлемін ұлғайтуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін әскери және гуманитарлық жарналар көлемін ұлғайтуды ұсынады

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін әскери және гуманитарлық жарналар көлемін ұлғайтуды ұсынады

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін әскери және гуманитарлық жарналар көлемін ұлғайтуды ұсынады. Бұл туралы Астанада Ассамблеяның жыл сайынғы 17-ші сессиясында қабылданған ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының резолюциясында айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Шiлде 2008
  • 448
Фото - Caravan.kz

«ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымға мүше елдердің ұлттық парламенттерін Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін әскери және гуманитарлық жарналар көлемін ұлғайтуға өз үкіметтерін көндіруге шақырады», -делінген құжатта.

«Ассамблея, сондай-ақ, ұлттық парламенттерге Ауғанстанды қалпына келтіру және дамытуға қатысты өз үкіметтерінің саяси ерік-жігерін және Ауғанстан үкіметі тарапынан басқарылатын, ұйымдастырылатын саяси келіссөздерді қолдауды нұсқайды».

Бұған қоса, Ассамблея ЕҚЫҰ-ын Ауғанстанда 2009-2010 жылдары өтеді деп межеленген президенттік және парламент сайлауларына дайындалуға, сондай-ақ, сайлауды бақылаушы миссияны ұйымдастыру қажеттігі туындаған жағдайда ұйым тарапынан көмек көрсету мүмкіндіктерін зерттеуге шақырады.

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы өз резолюциясында қатысушы елдердің үкіметтерін халықаралық жарнаға қатысты міндеттемелерін, әсіресе, Ауғанстанға донорлық көмек көрсету мен әскери миссияға қатысты міндеттемелерін толық орындауға шақырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті