Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төраға болуы ұйымның Орталық Азиядағы әлеуетін нығайтады - ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төраға болуы ұйымның Орталық Азиядағы әлеуетін нығайтады - ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-төрағасы

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төраға болуы ұйымның Орталық Азиядағы әлеуетін нығайтады - ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-төрағасы

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде ұйымның Орталық Азия өңіріндегі әлеуетін нығайтуға атсалыспақ ниетте. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы төрағасының орынбасары - Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Шiлде 2008
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия өңіріндегі әлеуетін нығайтудың кең көлемді жоспарын жасады», -деп мәлімдеді Қ. Тоқаев.

Оның айтуынша, «сол себепті де еліміз төрағалық қызметті үлкен қызығушылықпен күтіп отыр. Өйткені, Қазақстан осы өңірдегі жаппай мойындалған көшбасшы мемлекет және жалпы алғанда, Қазақстанның төрағалығы Ванкуверден Владивостокқа дейінгі ұлығаусар кеңістікті алып жатқан ЕҚЫҰ ареалындағы Орталық Азиялық өлшемнің күшейе түскенін меңзейді».

К. Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының басқарушылары құрамына сайлануы оңды роль атқаратынан атап өтті. «Біз Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының әлеуетін нығайтуға өзіндік елеулі үлесін қоса алады деп санаймыз», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті