«Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Грузиядағы қауіпсіздік ахуалына қатысты алаңдаушылық білдірген резолюциясы үшін дауыс берген кезде қалыс қалды. Осынау аса күрделі мәселеде бұл болуға құқығы бар ұстаным», — деді Қ. Тоқаев.
«Бұл проблемаға қатысты консультациялар екі жақты деңгейде дамуға тиіс деп санаймыз», — деді Қ. Тоқаев.
Осы орайда ол «Ресей де, басқа мемлекеттер де Грузияның аумақтық біртұтастығын мойындайтынын» атап өтті.
«Бұл аса маңызды жайт. Сол себепті дәл осы негізде бұл проблеманы талқылау қажет», — деді Қ. Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті