Павлодар облысында астық түсімі қуаңшылық қаупіне ұрынуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында астық түсімі қуаңшылық қаупіне ұрынуы мүмкін

Павлодар облысында астық түсімі қуаңшылық қаупіне ұрынуы мүмкін

Павлодар. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында орныққан аптап ыстық болашақ түсімнің сапасына кері әсер ету қаупі бар. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне ауылшаруашылығы департаментіндегілер хабарлады.

  • 3 Шiлде 2008
  • 347
Фото - Caravan.kz

«Облыста бір жарым айдан бері аптап ыстық басылмай тұр, жаңбыр мүлдем дерлік жауған жоқ, ал бұл егінге әсер етеді», — деді департамент төрағасының орынбасары Қайыртай Байтілесов. Маусым айындағы ауа температурасы 30 градус және одан жоғары деңгейде сақталуда.

Алдын-ала есеп бойынша қуаңшылық салдарынан бидай түсімінің 5% жуығы және майлы дақылдардың 30% шығынға ұшыраған. Биыл облыс дихандары 628 мың гектарға астық дақылдарын, 155 мың гектарға күнбағыс еккен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті