Қазір ғарыш айлағының мамандары айлаққа 26 маусымда жеткізілген ДМ-SLБ үдеткіш блогымен жұмыстар жүргізуде.
Малазияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігі ғарыш айлағына шілденің бірінші жартысында жеткізіледі.
Конструкциясы жағынан «Sea Launch» («Теңіздегі ұшырылым») қалқымалы платформадан ұшырылған «Зенит-3SL» зымыран тасығышына ұқсас жаңа «Зенит-3SLБ» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылыатын осындай екінші тасығыш. Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы бірінші «Зенит-3SLB» зымыран тасығышы 2008 жылдың 24-сәуірінде №45 алаңның модернизацияланған ұшырылым алаңынан Астана уақытымен 11 сағатта ұшырылды.
Ал Малазияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігі мен «Зенит-3SLБ» зымыран тасығышын тамыздың үшінші онкүндігінде №45 алаңның ұшырылым кешенінен ұшыру жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті