Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан 13 тұрғын үйге газ жіберілмей қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан 13 тұрғын үйге газ жіберілмей қалды

Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан 13 тұрғын үйге газ жіберілмей қалды

Астана. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан 13 тұрғын үйге (365 абонент) және жай үйлер секторындағы 403 абонентке газ жіберілмей қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Шiлде 2008
  • 403
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шымкентте Майлы қожа және Тяжев көшелерінің қиылысында 3 шілдеде 16 сағат 37 минутта пайдалану қызметі орта қысымды, диаметрі 219 мм-лік жер асты газ құбырынан газ шығып жатқанын анықтаған.

Апат салдарынан 22 шкафты-тарату бөлімдері газдан ажыратылып, 13 тұрғын үйге (365 абонент) және жай үйлер секторындағы 403 абонентке газ жіберілмей қалды. Апаттың салдарын жоюға «Қазтрансгаз-Аймақ» ЖШС-нің мамандары тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті