Қызылорда облысында күйдіргі деген күдікпен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында күйдіргі деген күдікпен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды

Қызылорда облысында күйдіргі деген күдікпен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды

Астана. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында күйдіргі деген күдікпен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Шiлде 2008
  • 382
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 3 шілдеде 09 сағат 20 минутта қарқынды емдеуге қарамастан, науқас қайтыс болды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысының Шиелі ауданы Кодаманов ауылынан 30 маусымда аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 35 жастағы ер адам жатқызылған. 1 шілдеде оған күйдіргі деген алдын-ала диагноз қойылды. Сонымен бірге, 02 00 сағатта Шиелі аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 35 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел күйдіргі деген күдікпен жатқызылды.

3 шілде күнгі 18 сағат 30 минуттағы жағдаймен науқастардың жағдайы орташа, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті