Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жаңа Алатау ауданында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жаңа Алатау ауданында болды

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жаңа Алатау ауданында болды

Алматы. 4 шілде. "Қазақстан" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін жаңа Алатау ауданында болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Шiлде 2008
  • 569
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «қала басшысы дарынды балалардың спорт мектебінде, кеше қалалық мәслихаттың жаңа аудан құру туралы шешімі негізінде пайда болған аудан әкімдігі уақытша орналасатын №169 қазақ мектебінде болды. Бұдан соң А. Есімов Алатау ауданы әкімдігінің ғимараты салынатын орынды көрді».

Әкім осы маңайда тұтарын халықпен де жүздесті. Олар қалаға қосылған ауылдардың қордаланып қалған мәселелерін шешуде жаңа ауданның қажеттігін қолдайтындықтарын бірауыздан жеткізді.

А. Есімов жаңа ауданның жаңа әкімі Бағдат Манзоровты жиналған жұртшылыққа таныстырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті